Негізгі бет/ Конференциялар/ Анонс

 

«Еуразиялық экономикалық интеграция болашағы Қазақстан тұрақты дамуының факторы ретінде» атты конференция өтеді

25-26 қараша 2015 ж. Экономика және бизнес жоғары мектебі «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ БОЛАШАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция пленарлы және секциялы отырыс формасында келесідей тақырыптық бағыттар бойынша өткізіледі:

1-секция: ҚР ҰҒА Академигі Я.А. Аубакировтың 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел

2-секция: «Жаһандық контексттегі еуразиялық интеграцияның экономикалық өсу және даму векторларының стратегиясы»

3-секция: «Еуразиялық экономикалық одақ - дағдарысқа қарсы басқарудың тиімді механизмі»

4-секция: «Еуразиялық экономикалық интеграция тиімділігін арттырудың қаржылық механизмдері»

5- секция: «Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі есеп және аудит әдістемесін нығайту»

Мақалаларды тапсыру мерзімі - 2015 жылдың 1 қарашасына дейін. Конференция жүргізілетін тілдер: қазақ, орыс, ағылшын. Жинақ конференция басталуына дейін жарияланады. Материалдар құнымен қоса тіркелу төлемі 5000 теңгені құрайды.

Ұйымдастырушылардың байланыс телефоны:

+7 (727) 2211495, 221-12-47

E-mail: conf.kaznu@rambler.ru

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті БҰҰ тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық Хабы болып табылады. Университет адамзаттың тұрақты дамуының балама парадигмаларын ғылыми зерттеулерге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады.

2014 жылы университет екі ірі іс-шараларды: Азия университеттердің үшінші форумы және «Адами тұрақты дамудың жаңа парадигмасы. G-Global - жаһандық диалог форматы» халықаралық конференциясын ұйымдастырды.

VII Астана экономикалық форумы аясында өткізілген  "Еуразиялық алуандылық және тұрақты даму жолындағы университеттердің  ІІІ Азия университеттері форумы - тұрақты даму бойынша білімдік-зерттеулік бағдарламаларды,  ақпараттарды, идеологияларды тарату орталығына айналдыруға себепші болатын  жаһандық проблемаларды  талқылайтын және шешім қабыладайтын алаңға айналды.


 


 

«Адами тұрақты дамудың жаңа парадигмасы: G-Global - жаһандық диалогтың форматы» Халықаралық конференциясына әлемнің 22 мемлекетінен 33 шетелдік сарапшылар, білім беру,  саяси,  Қазақстанның қоғамдық ұйымдарынан  110 өкілдері және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң 400 ден астам ғалымдары мен оқытушылары жиналды. Конференцияда адами тұрақты дамудың жаңа парадигмасын әзірлеу және жүзеге асыру жолының қажеттілігі талқыланды. Бұл форум Женевада, Баку және Еуропа мен Американың басқа елдерінде өткен конференциялардың логикалық жалғасы болды. Оның жұмысы адамзат алдында тұрған ағымдағы жаһандық қауіп-қатерлерге арналған жауаптың теориялық негіздерін дайындауға ғалымдар, саясаткерлер, халықаралық сарапшыларды шоғырландыру айқын мысалы болды.