Негізгі бет/

«Қазіргі биотехнологиялар мәселелері: лабораториялық зерттеулерден өндірістерге» атты конференция өтеді



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ІІІ Халықаралық Фараби оқулары шеңберінде, ірі ғалым - микробиолог, Қазақстан ұлттық жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, ЖОО-2007 Үздік оқытушысы, биология ғылымдарының докторы Жұбанова Ажар Аметқызының 75 жылдық мерейтойына арналған, «Қазіргі биотехнологиялар мәселелері: лабораториялық зерттеулерден өндірістерге» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференция өтеді.

Конференцияда биотехнологиядағы заманауи ғылыми мәселелер талқыланады.

Сонымен қатар, G-Global кешенінде дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы орта және жоғарғы мектептерде заманауи маман-биотехнологтарды жұмыс берушінің талабына сай дайындау.

Конференция жұмыстарына Германия, Ресей және ТМД мемлекеттерінің биология, биотехнология, медицина және экология салаларында жұмыс жасайтын, белгілі ғалымдар қатысады.

Конференцияда ғылыми ізденіс нәтижелері 5 кілттік спикерлермен тағайындалады, 300 баяндаушылардың ауызша және көп көлемде қабырғалық баяндамалары қарастырылады. Осы жұмыстарға байланысты келесідей секциялар ұйымдастырылған:

  • Өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің биотехнологиялық генетикалық потенциалдары.
  • Экологиялық биотехнология және биоэнергетиканың өзекті мәселелері.
  • Медицина, ветеринария және ауылшаруашылығында жаңа биотехнологиялық препараттар дайындаудың практикалық шешімдері.

Конференция ұйымдастырушылары биотехнология саласының Қазақстандағы ұйымдастырушылары болып табылады, олар:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  • Биология және биотехнология мәселелерінің ғылыми – зерттеу институты;
  • Экология мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы;
  • ҚР БҒМ микробиология және вирусология иституты;
  • ЖШС «Антиген» ғылыми – өндірістік орны;
  • Ақпараттандыру ұлттық орталығы АҚ;
  • «Центр педагогических технологий информатизации образования» білім беру орталығы;
  • «ЭКСТРАПРЕСС Ко» шұғыл басылым орталығы.

Өтетін уақыты: 2016 жылдың 7-8 сәуір күндері

Өтетін орны: Әл-Фараби кітапханасы, 4-қабат


29.03.2016